• «БҚО Сырым ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Мұқадес Есламғалиұлы атындағы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ

«Жұбан оқулары»  аудандық on-line  байқауы

 

Рухани қазына» кіші бағдарламасы негізінде              30 қазан күні Қазақтың ақиық ақыны, КСРО  Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Халық жазушысы Жұбан Молдағалиевтің туғанына 100 жыл толуына орай аудандық   «Жұбан оқулары»  on-line  байқауы қортындыланды. Байқау шарттары бойынша қатысушының жасы 20 жастан жоғары болуы; ақынның шығармашылығын мәнерлеп оқу бойынша түсірілген бейнебаянды жолдауы керек;-Бейнежазбаның түсірілу сапасы, мазмұны, көркемдігі бағаланды. Байқауға қатысушы ең алдымен, міндетті түрде Facebook - «Сырым Окж», Instagram - «syrymokj» парақшаларына тіркелуі қажет. Байқау жұмыстарын ұйымдастырушылар өз кезегінде ФБ, инстаграмм парақшаларына жариялап, әлеуметтік желіде дауыс беру арқылы (пікір, лүпіл, қаралым, репост)  қортындыланды. Байқауға 8 үміткер қатысты. Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, марапатталды. І орын А.Дүйсенбаева Алғабас ауылдық модельді кітапханасы, ІІ орын Н.Айткулов Қазақстан ауылдық кітапханасы, ІІІ орын А.Жетпісқалиев Аудандық кітапхана оқырмандары жүлделі орындарға ие болды. Байқауға қатысушылар дипломдармен, алғыс хаттармен марапатталып, сыйлықтар табыс етілді.