• «БҚО Сырым ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Мұқадес Есламғалиұлы атындағы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ

Жаңалықтар

ҚР астанасы – Астана қаласының 20 жылдығына орай аудандық кітапханада «Астана - ел тірегі» тақырыбында кітап көрмесінің ашылуы өтті. Көрмеде Астананың қалыптасуы ел Тәуелсіздігінің жылнамасымен тығыз байланысты екені, Астана – елімізді гүлденудің жаңа белестеріне жетелейтін жалпыұлттық идеямыз екені әңгімеленіп, Елбасы Н.Назарбаевтың қазіргі заманғы қазақстандық мемлекеттілікті қалыптастырып, нығайтудағы, ел бірлігін және еліміздің қарқынды әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етудегі айрықша ролі туралы кеңінен баяндалды.

Үстіміздегі жылдың 11 сәуір күні Х.Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен жас кітапхана мамандарына арналған  «Жас ұрпақ оқуы-елдің интеллектуалды ресурсы» тақырыбында  облыстық креативті идеялар жәрмеңкесі оздырылды.

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру мақсатында мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлерінің «Рухани қазына» атты облыстық фестивалі оздырылды. Фестиваль негізгі мақсаты -  мәдени ойын-сауық саласы қызметіндегі тәжірибемен алмасу, қазақстандық патриотизм мен ұлттық-мәдени бірлікті дамыту аясында ұлттық мәдениетті насихаттау және аймақтық мәдениет ұйымдарының имиджін нығайтуға бағытталған үздік әлеуметтік-мәдени және білім беру тәжірибелерін көрсету болды.

Қазақ әдебиетінің зор таланттарының бірі, айбынды ақын және ұлтжанды тұлға, ұлы педагог, талантты аудармашы Мағжан Жұмабаевтың туғанына биыл 125 жыл толып отыр.

Ж.Молдағалиев атындағы облыстық әмбебеап ғылыми кітапханасы дарабоз дарын, абыз ақын, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты және тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының иегері Қадыр Мырза Әлидің шығармашылығын насихаттау мақсатында VII-облыстық «Қадыр оқулары» байқауын жариялады.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы негізінде қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын түсіндіру мақсатында «М.Есламғалиұлы атындағы Сырым аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» мемлекеттік мекемесі бойынша шаралар оздырылды.

2 сәуір күні аудандық кітапханада Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Рухани қазына» кіші бағдарламасы негізінде Ж.Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Өткенді сақтай отырып, келешекті қалыптастырамыз» тақырыбында көшпелі кітап көрмесін ұйымдастырды.